• Басты
  • «Болашақ» бағдарламасының 400-ден астам степендиаттары жас мамандар форумына қатысты (ФОТО)

«Болашақ» бағдарламасының 400-ден астам степендиаттары жас мамандар форумына қатысты (ФОТО)

20 Сәуір, 2015 13:09
Астанада Білім және ғылыми министрлігінің және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының қолдауымен «Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы» атты жас мамандардың форумы өтті.

«Кез-келген мемлекеттің болашағы олардың жастарына байланысты, өйткені жастар әрдайым бастамашыл әрі белсенді болып келеді. Сіздердің көпшілігіңіз тәуелсіз Қазақстанмен құрдассыздар. Сол себепті Қазақстанның болашағы сіздерге байланысты екендігін назарға ала отырып, елімізде тап осы жастарға арналған мақсатты саясат жүргізілуде. Елімізде қабылданған заңдар, оқу бағдарламалары, оқу ғимараттары және ашылып жатқан жаңа оқу орындары осы сөзіміздің жарқын айғағы»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев форум барысында сөйлеген сөзінде. .   

Сонымен қатар ол соңғы 4 жылдың өзінде білім беруді қаржыландыру 2 есеге артып, ғылым саласына бөлінген қарды 2,5 есеге көбейгендігін айтты. Жыл сайын мемлекет еліміздің жоғар оқу орындарында тегін білім беру үшін 35 мың грант бөледі, ал шет мемлекеттерде білім алу бүгінгі таңда жаңартылған «Болашақ» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.   

 Айта кетейік, форумға Президенттің «Болашақ» бағдарламасының 400-ден астам степендианттары, «Дарын», «Жас тұлпар» жастар сыйлығының лауреаттары мен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысты.   

Бұған қоса жиында жас мамандарда шығып сөз сөйлеп, өз кәсіптеріндегі жетістіктер мен олардың еліміздің экономикасының дамуы үшін қосқан үлестері мен спорттағы жетістіктер туралы баяндады.    

Сонымен қатар бейнекөрініс арқылы форумға қатысушыларға Қытай мен Ұлыбритания мемлекеттерінде білім алып жатқан жастар сәлемдерін жолдады.  

Жиынның соңына қарай Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Болашақ» бағдарламасына қатысушылардың қатарын толықтырған степендианттарға сертификаттарды табыс етті.   Өз кезегінде Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыс етті.

Индира Кауметова

​Фото Азамат Алиев

 

Барлық жаңалықтар