• Главная
  • Елордада арбадағы спорт биінен халықаралық турнир өтті (Фото)
21 апреля, 2015 08:51

Елордада арбадағы спорт биінен халықаралық турнир өтті (Фото)

Астанада V қазақстандық би олимпиадасын өткізу шеңберінде Халықаралық Паралимпия Комитетінің аясында арбадағы спорт биі бойынша «KAZAKHSTAN OPEN 2015» ІІ халықаралық турнирі өтті, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы.
Елордада арбадағы спорт биінен халықаралық турнир өтті (Фото)

«Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде «Нұр Отан» партиясы осындай бастамаларға белсенді қолдау көрсетеді. «KAZAKHSTAN OPEN 2015» халықаралық турнирінің – әр қатысушы үшін өзінің билеу шеберлігін көрсетудің ғана емес, сондай-ақ денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі адамдарды ынталандырудың да тамаша мүмкіндігі», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов.

Барлығы турнирге Австрия, Қытай, Тайван, Ресей, Қырғыз Республикасы, Грузия мен Қазақстаннан 30 жұп қатысты. Сайысқа еуропалық, сондай-ақ латынамерикандық билер бағдарламасы енген. 

Тайпейдан шыққан Куо Вен-Шенг пен Хуанг Йи-Йюнг «Duo Latin Class 2» аталымында бірінші орын алды.

ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Паралимпиялық Комитеті ҚБ, «Қазіргі  заманғы және спорттық билер федерациясы» РҚБ, «Дос» тәуелсіз өмір» мүгедектер орталығы ҚБ турнирдің ұйымдастырушылары болды.

ҚР бүгінгі заманғы және спорттық билерінің федерациясы (БСБФ РҚБ) - спорттық және бүгінгі заманғы хореография саласындағы Қазақстандағы ірі федерация. БСБФ РҚБ бірнеше би мен стиль бағытын дамытады және ҚР Ұлттық Паралимпиялық Комитеті - арба биінің жалғыз толыққұқылы өкілі болып табылады