• Басты
  • Алматыда Қазақстан хирургтарының VI Конгресі өтуде
20 Сәуір, 2015 17:56

Алматыда Қазақстан хирургтарының VI Конгресі өтуде

Алматыда «ХХІ ғасыр хирургиясы – бүгіні және болашағы» тақырыбында Қазақстан хирургтарының VI Конгресі өтуде.Жиынға әлемнің 20 елінен жетекші ғылым, білім және медициналық ұйымдарының 100-ден астам жетекшілері қатысады, деп хабарлады ДСӘДМ.

Алматыда Қазақстан хирургтарының VI Конгресі өтуде | Strategy2050.kz

Министрлік хабарлағандай, биылғы Конгресс А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының 70 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Мамандар отандық хирургия қызметін дамытудың түрлі аспектілерін талқылап, азаматтардың денсаулығын жақсарту және хирургиялық патологиялардан болатын тұрғындардың өлім-жітімін төмендету жөнінде ұсыныстар айтылады.

Ол ұсыныстар 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу барысында ескеріледі.    

VI Конгресс аясында өңірлерде шұғыл және жоспарлы хирургияда өлім-жітімді және мүгедектікті төмендету, жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін өңірлерден Астана мен Алматыдағы республикалық орталықтарға жүгінетін науқастар санын азайту мақсатында Алматы қаласында (Жедел медициналық жәрдем ауруханасы және №1 қалалық клиникалық ауруханада) шеберлік-сабақтары өткізіліп, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының және қалалық клиникалардың жетекші мамандары аса күрделі оталар жасайды.   

Хирургтар, гастроэнтерологтар және онкологтардың халықаралық қауымдастығының (IASGO)  ТМД, Орталық Азия және Кавказ елдерімен жұмыс істеуге арналған Дипломнан кейінгі білім беру орталығының ашылуы айтулы оқиға болады.

Орталық қызметі медициналық білім беруді әрі қарай дамытуға бағытталған. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды