• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысындағы өнеркәсіптік кәсіпкерліктер 2013 жылдың 8 айында 155 млн теңгенің тауарын өндірді

Жамбыл облысындағы өнеркәсіптік кәсіпкерліктер 2013 жылдың 8 айында 155 млн теңгенің тауарын өндірді

9 Қазан, 2013 18:14
Жамбыл облысындағы өнеркәсіптік кәсіпкерліктер 2013 жылдың 8 айында 155 млн теңгенің тауарын өндірді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жамбыл облысындағы өнеркәсіптік кәсіпкерліктер 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында 155 млн теңгенің тауарын өндірді. Бұл өткен жылдың осындай уақыты көрсеткішінің 107,6%-ын құрайды», - делінген хабарламада.

Кен өндіру саласындағы өнім көлемі шамамен 11 480 теңгені, түсті метал рудалары 58,7 пайызды, шикі фосфат 12,3 пайызды, гипс пен әк 1,8 пайызды құрағаны айтылады.

Қайта өңдеу салаларындағы өнім көлемі 116 810 млн теңгені құрап, 6,1 пайызға өскен. Жалпылай алғанда тауар көлемі 75,2 пайызға жоғарлаған.

Тамақ өндірісінде өнім көлемі 31 680,1 млн теңгені құраған. Қайта өңдеу саласындағы өнім көлемі 27,1 пайызды құрады.

Химия саласындағы өнім көлемі 38 072,2 млн теңгені, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 101 пайызды құраған.

Мұнай өндірісінің өнім көлемі 8 105 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштің 131,6 пайызын құрайды. Облыста ең ірі мұнай өнімдері өндірісі «Амангелді Газ» ЖШС болып табылады.

 

 

Барлық жаңалықтар