Жамбыл облысында мия тамырын өңдейтін зауыт ашу жоспарлануда

20 Сәуір, 2015 19:21
Биыл Жамбыл облысында мия тамырын өңдейтін зауыт ашу жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жобаны жүзеге асыру үшін «Kaz Mia» ЖШС-гі құрылды,  компания құрылтайшысының мәліметінше кәсіпорынның қуаттылығы  2 мың тонна дәрілік мия тамырын өңдеуге жетеді. Жобаның жалпы құны-600 млн. теңге, 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.  

Айта кету керек, бұл жоба инвестордың  жеке қаражатымен салынуда.

 

 

Барлық жаңалықтар