- Басты
- Жаңалықтар
- Астаналық студенттер «ЭКСПО – ойлаудан іске асыруға дейін» жобасына қатысты
Астаналық студенттер «ЭКСПО – ойлаудан іске асыруға дейін» жобасына қатысты
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ұранымен өткізілген шараның мақсаты - «Болашақтың энергиясы» тақырыбын кеңінен насихаттау. Шараны ұйымдастырушылар студенттерді халықаралық көрмелердің бай материалдарымен таныстырды. Шараға қатысушылар күнделікті өмірде қолданылатын: лампочка, розетка, нейлон, рентген аппараты сияқты өзге де заттардың алғаш рет «ЭКСПО» көрмесінің бөлімдерінде көрсетілетіндігінен хабардар етілді,-делінген хабарламада.
Сонымен қатар, студенттердің назарына көрмеде ұсынылып, кейіннен сол көрме өткен мемлекеттің нышанына айналған халықаралық көрмелердің сәулет нысандары ұсынылды. Аритектуралық пішіндер мен дизайнерлік шешімдерді талқылау барысында колледж студенттері дайындаған ғимараттардың көшірмелері сияқты шығармашылық еңбектің туындылары да көрсетілді.
Шара аяқталған соң колледж студенттері өздерінің мамандықтарын адамзат өміріне ыңғайлы жағдай жасау үшін таңдап алғандықтарын атап өтті. Ал «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы жобалау жұмыстары барысында инновациялық көзқарас пен жоғары технологиялық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді.
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда