- Басты
- Жаңалықтар
- Мерзімді әскери қызметке 50-ден аса солтүстік қазақстандық шақырылды
Мерзімді әскери қызметке 50-ден аса солтүстік қазақстандық шақырылды
Солтүстік Қазақстан облысынан мерзімді әскери қызметке 50-ден аса жасөспірім шақырылды. Олардың барлығы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарында әскери борышын өтемек. Әскери бөлімдерге келгеннен бастап командирлер жас буынды әскери ант қабылдауға даярлайды.
Әскерге шақырылушылардың көбі армия қызметіне үлкен мақсатпен бара жатқанын, әскери істің қыр-сырын үйренгісі келетінін айтты. Сонымен қатар қазірдің өзінде жастар келісімшарт бойынша әскери қызметке қалуға ниет білдіріп отыр. Осы орайда әскери қызметке шақырылғандарды сапалы іріктеу үшін дене және әскери даярлығына, жас буынның білімі, мамандығы, психологиялық жай-күйі мен моральді-іскерлік қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық армияның қатарын көктемгі науқан кезінде әскерге шақыруды кейінге қалдыруға және босатылуға құқығы жоқ 15 мыңнан аса әскер жасындағы жас жігіттер толықтырады. Жалпы биыл мерзімді әскери қызметке 30 мың қазақстандықты шақыру жоспарланып отыр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері