- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының халқына 470 мемлекеттік мәдениет ұйым қызмет көрсетуде
Ақтөбе облысының халқына 470 мемлекеттік мәдениет ұйым қызмет көрсетуде
ІСБ хабарлағандай, олардың қатарында 242 кітапхана, 208 клубтар мен мәдениет Үйлері, 20 музей мен мемориалдық кешен және т.б. өзге де мәдени мекемелер бар. Жалпы соңғы бес жылда, яғни 2010-2014 жылдары облыстағы мәдениет ұйымдарының саны 13 бірлікке артты. Оның ішінде 4 селолық клуб пен МҮ, 6 кітапхана, 3 музей филиалы жаңадан мемлекеттік жүйеде ашылды. Бүгінде салада 2974 адам тұрақты жұмыс жасайды. Өткен жылы 16 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Облыстың мәдениет саласын ұстауға және дамытуға, әсіресе саладағы нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайту және жабдықтауға жұмсалған қаражат көлемі де жыл сайын ұлғайып келеді. 2015 жылға 3591,2 млн. теңге қаралып отыр. Оның ішінде өткен бес жылда барлығы 54, оның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы аясында 29 мәдени нысан ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Ал биыл 7 нысанға бағдарлама аясында күрделі жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ есепті 5 жылда 13 мәдени нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Дегенмен өңірде таяу және болашақ кезеңге 47 мәдениет нысан ғимараты күрделі жөндеуді қажет етуде», - делінген хабарламада.
«Мәдени мұра» ұлттық жобасын жүзеге асыруда Алға, Ырғыз, Шалқар аудандарын қоспағанда, барлық аудандардың ескерткіштер Жинақтары шығарылды. Ал 2014 жылғы жобаға облыстық бюджеттен 169,0 млн. теңге игеріліп, Қобда ауданындағы Абат-Байтақ, Алға ауданындағы Есет Көкіұлы мемориалдық кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізілді, Әйтекеби ауданында Әбілқайыр хан мемориалдық кешені құрылысы басталды.
Ескерткіштерді есепке алу мақсатында облыстың Темір, Қарғалы, Мәртөк аудандарының, Ақтөбе қаласы мен оның ауылдық округтерінің ескерткіштерін есепке алу, паспорттау ұйымдастырылып, «SAS-Planet» бағдарламасы аясында ескерткіштер онлайн картаға енгізілді.
Өңірдің өткен 5 жылында 41 ауылдық кітапхана жаңартылып, қазірде модельді кітапхана статусына облыста 55 кітапхана ие болып отыр.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды