• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сапарбаев ҚР ПІБ медициналық орталығы «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешенін аралады (ФОТО)

Б.Сапарбаев ҚР ПІБ медициналық орталығы «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешенін аралады (ФОТО)

20 Сәуір, 2015 10:51
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Президенті істері басқармасының медициналық орталығы «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешеніне барып қайтты, деп хабарлады ҚР ПІБ баспасөз-қызметі.

Вице-премьер кешеннің техникалық жабдығы және жұмыс істеу жүйесімен танысты.

«Аталмыш орталық бірінші кезекте Қарағанды облысы мен көршілес аймақтардың тұрғындарын сауықтыруға арналған. Мұнда барлық жағдайлар халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жасалған», - деді Бердібек Сапарбаев.

Бұл орталық тыныс алу жолдары, жүрек тамырлары, неврологиялық, сүйек бұлшық еттерінің, зәр шығару жүйесінің ауруларына шалдыққан жандарды емдеуге арналған. Мұнда физиотерапия, емдік физкультура, диеталық тамақтану қарастырылған.

Аталмыш кешеннің негізгі қызмет түрлері -  сумен емдеу, көмір қышқыл ванналары, ингаляция, лазеротерапия, гелиотерапия, массаж, акупунктура, жылумен емдеу және т.б.

Қонақтар үшін мейрамхана, кітапхана, 150 орынға есептелген киноконцерт залы, балалардың ойын алаңы, диско - бар, караоке, бильярд, шағын кинозал, интернет-кафе ашылған.

Спорт кешенінде әмбебап спортзал бар, онда  мини-футбол, волейбол, баскетбол, үлкен және үстел теннисі, жабық бассейн, боулинг-залы, ЕДШК,  фитнес-орталық орналасқан

Барлық жаңалықтар