- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: СҚО 2015 жылы Индустрияландыру картасы бойынша 29 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр
ИИДМБ: СҚО 2015 жылы Индустрияландыру картасы бойынша 29 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр
Аймақ әкімдігі өкілдерінің мәліметтерінше, Индустрияландыру картасының алғашқы бесжылдығында 32 жоба жүзеге асырылып, 1 мың 500 жұмыс орындары ашылған.
«Екінші бесжылдыққа 29 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның 15-і биыл іске қосылып, 550 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ал өндірілген өнім көлемі 11,5 миллиард теңгеге жетеді. Бұған қоса тағы құны 17 миллиард теңге болатын 21 жоба аяғына дейін жеткізілетін болады»,-делінген хабарламада.
Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығын дамытып, оның өнімдерін қайта өңдеу облысты өзінің азық-түліктерімен қамтамасыз етудің кепілі болатындығын атап өтті. Сонымен қатар ол облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын кешенді бағдарлама туралы айтып берді.
Облыс әкімінің сөзінше, жергілікті тауар өндірушілерге «Қазақстанда жасалған» имиджтік науқаны арқылы қолдау көрсетілуде. Аталмыш акцияны 2 мың 300 сауда нысандары қолдап, өздерінде қазақстандық өнімдердің бөлімдерін ұйымдастырды.
«Біздің ұлттық палатамен ынтымақтастығымыз аймақтағы кәсіпкерліктің дамуына серпін беріп, Мемлекет басшысы алдыға қойған міндеттердің сәтті жүзеге асуының кепілі болады»,-деді СҚО әкімі.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр