• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Дала қыраны – 2015» халықаралық бітімгерлік оқу-жаттығуының бірінші кезеңі аяқталды

«Дала қыраны – 2015» халықаралық бітімгерлік оқу-жаттығуының бірінші кезеңі аяқталды

20 Сәуір, 2015 08:53
Алматы облысындағы «Іле» оқу-жаттығу орталығында «Дала қыраны – 2015» халықаралық тактикалық арнайы бітімгерлік оқу-жаттығуының бірінші кезеңін қорытындылады.

«Оқу-жаттығу кезінде Қазақстанның, АҚШ, Ұлыбританияның және Солтүстік Ирландия әскери қызметшілерінен құралған қатысушылар заңсыз әскери құрамаларды анықтау бойынша бітімгерлік операцияларын жүргізу және жерлерді қоршауға алу көрінісін іс жүзінде пысықтады», - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Аталған көріністебандалар құрамасы бейбіт тұрғындары кепілдікке алды, ал бейбітшілдерге жүктелген тапсырма азаматтарды құтқару, қауіпті аймақтан шығару, сондай-ақ жауынгерлерді басып алу мен жою операцияларын жүргізу еді.

Осы оқу-жаттығу кезінде Аэроұтқыр әскерлерінің Қазбриг және Қазбат бөлімшелеріҚазақстанның Қарулы Күштерін көрсетті.

Бітімгерлік миссиясы аясында операцияларды сәтті жүргізу ұлтаралық бітімгерлік контигентіндегі іс-қимыл үйлесімділігіне ықпал етеді. Осы көріністерді сапалы өткізудің маңыздылығы оқу-жаттығу кезеңі барысында, сондай-ақ алдында өткен барлық «Дала қыраны» оқу-жаттығуларының нәтижесінде жеткен жетістіктер мен жылдам үйлесуде болып отыр. Қазақстанда аталған оқу-жаттығу он үшінші рет өткізіліп отырғанын айта кеткен жөн.

«Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінің қорытындылау барысында әр жақтан, Қазақстан, АҚШ және Ұлыбритания армиясының басшылық өкілдеріқатысты. Олар оқу-жаттығу аясында командирлердің жұмысына және бөлімшелердің іс-қимылына жоғары баға берді», - делінген хабарламада.

Қазақстанның басшылығын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығы генерал-майор Мүслім Алтынбаев және ҚР ҚК Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов таныстырды.

Екі апталық оқу-жаттығуды қорытындылау барысында «Дала қыраны» оқу-жаттығуының бірінші кезеңі аяқталды. Оқу-жаттығудың екінші кезеңі ағымдағы жылдың маусым айында өтеді. Осы уақытта қазіргі қатысушы құрамға Қырғызстан, Түркия және Тәжікстан әскери қызметшілері қосылады.

 

Барлық жаңалықтар