- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Алматы Қазақстан тәуелсіздігінің алтын бесігі
Н.Назарбаев: Алматы Қазақстан тәуелсіздігінің алтын бесігі
Мемлекет басшысы қала жұртшылығы мен жастарға арнаған сөзінде көктем мезгілі Алматыны айрықша көрікті ете түсетінін атап өтті.
«Алматы – мәңгілік көктем қаласы, Орталық Азияның інжу-маржаны. Алматыда тұрған немесе оған келіп кеткен адам ғажап таулары мен тамаша климатын ешқашан ұмытпайды. Бұл мегаполис Қазақстан тәуелсіздігінің алтын бесігі – республикамыздың жаңа тарихы басталған жер. Қала еліміздің мәдениет, қаржы және спорт орталығы болып саналады. Ел экономикасының 20 пайызы Алматыға тиесілі. Мен мұнда келген сайын оң өзгерістерді көремін. Қаланың дамуы әрдайым менің жеке назарымда және мемлекеттің басымдығы болып саналады», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Алматының тартымды перспективаларына да тоқталды. Мұнда 2017 жылы Дүниежүзілік универсиада өтеді, қаланы туризм орталығына айналдыру жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымы мен экологиялық ахуалы жақсаруда.
Қазақстан Президенті жастардың саламатты өмір салтын ұстануы да маңызды екенін айтты.
«Спорт – денсаулық. Адам бақытының 95 пайызы денсаулығына байланысты, сондықтан бұл байлықты сақтап, спортпен айналысу керек. Бүгінде отандық спортшылар өз жетістіктерімен Қазақстанды қуантып, күш-қуатымызды әйгілеуде. Студенттеріміз әлемнің түрлі оқу орындарында оқиды, өзіміз де үздік университеттер, мектептер мен стадиондар салып жатырмыз. Елді дамыту жөніндегі барлық күш-жігер жастар мен олардың болашағы үшін жұмсалуда», – деді Мемлекет басшысы.
Іс-шарада сөз алған қала жұртшылығының өкілдері Мемлекет басшысына елдегі мәдениетті, ғылым мен білімді дамыту мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп, жан-жақты қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыс айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты