- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысындағы елді мекендерді құтқару жұмыстарына басымдылық берілген – ҚР ІІМ ТЖК
Ақмола облысындағы елді мекендерді құтқару жұмыстарына басымдылық берілген – ҚР ІІМ ТЖК
«Таңертеңнен бастап Преображен гидроторабы суды көп мөлшерде жіберді 2440 м³, гидротораптан мұндай көлемдегі су бірінші рет өткізіліп жатыр. Оның жоғарғы деңгейдегі мүмкіндігі - 2600 м³/сек. Нұра өзенінің жоғарғы жағында су деңгейінің төмендегені және Ақмола облысында көтерілгені тіркелуін ескере отырып, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстардың басым бөлігі Ақмола облысының елді мекендерінде жүргізілетін болады», - деді А. Советов.
Оның айтуынша, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 186 үйді су басты, қазіргі уақытта 179 үйден су сорып шығарылды. Шығыс Қазақстан облысында су басқан 82 үйдің 40-ынан су шығарылды. Қарағанды облысында су басқан 2030 үйдің 1037-сінен су кетті, 56 үй қиратылды.
Барлығы су басқан аймаққа 2298 үй ұшырап, 1256-сынан су шығарылды, ал 1042 үй су астында қалып отыр. Өткен тәулік ішінде 1 353 метр уақытша қорғау бөгені тұрғызылып, 11 389 құм салынған қаптар төселді, су астында қалған үйлер мен аулалардан 41 мың м³ еріген су шығарылды.
«Ақмола облысында тәулік ішінде 10535 сұм салынған қап төселді. Тасқын кезеңінің басынан бастап 118 учаскеде 23,85 шақырым автожолға су жайылды, оның 5,08 шақырымы немесе 59 учаскесі қалпына келтірілді. Шығыс Қазақстан облысында 11 учаскенің 9-ы қалпына келтірілді. Павлодар облысында 6 учаскенің 3-еуі қалпына келтірілді. Ақмола облысында 43 учаскенің 35-і қалпына келтірілді. Кеше 2 шақырым жол жөнделген болса, бүгінгі күні ол көрсеткіш 5 шақырымды құрайды. 15518 эвакуацияланған адамдардан 7825 адам өз үйлеріне қайтып оралды. 7693-і эвакуациялау пункттерінде және туыстарында қалады. Шығыс Қазақстан облысында 589 эвакуацияланған тұрғынның 549-ы үйлеріне қайтты. Павлодар және Қостанай облыстарында барлық тұрғындар өз үйлеріне қайтты. Солтүстік Қазақстанда Городецкое аулында тек 12 тұрғын туысқандарында қалды, ал қалған 274 адам үйлеріне қайтты. 2015 жылғы 23 наурыздан 18 сәуір кезеңінде су басқан аудандардан қауіпсіз орындарға 42 923 бас ірі және ұсақ мал айдалды. Қазіргі уақытта 30 856-сы қайтарылды, 551-і қырылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жеке құрамнан 6 340 адам, 1 708 бірлік техника, 123 бірлік су соратын құрылғы және 105 бірлік жүзу құралы қатыстырылды», - деп хабарлады Советов.
«Тасқын судан зардап шеккен барлық автожолдарда еріген қас суын ағызу, ескерту белгілерін қою, балама қозғалыстарды ұйымдастыру, инертті материалдарды төгу, жол төсемін қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жалғасуда. Қауырт желі телефонының жұмыс істеуі жалғасуда. Мамандар 160-тан астам қоңырау пысықталды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды