- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мерейтойлық медалдар табыс етілді (ФОТО)
Алматыда Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мерейтойлық медалдар табыс етілді (ФОТО)
Ардагерлерді марапаттау рәсіміне Алматыдағы орта және жоғары оқу орындарының студенттері, профессор-оқытушылар құрамы және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары қатысты, деп хабарлады ҚР ҚМ.
Шара қатысушылары қан майданда қаза болған жауынгерлерді еске алып, бір минут үнсіздік жариялады. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Садықов ардагерлердің жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу ісінде маңызды рөл атқаратындығын атады. «Аталарымыздың жауынгерлік ерлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің болашақ офицерлері мен Отан қорғаушылар үшін жарқын үлгі-өнеге болып табылады», - деп атап өтті.
Іс-шараға арнайы шақырылған ардагерлер қатысушыларға тілек-лебіздерін арнады. Ұлы Отан соғысының бар ауыртпашылығын естеріне ала отырып, Тәуелсіз Қазақстанның одан әрі гүлденуін және ашық аспан астында бейбіт өмір кешу бақытын тіледі.
Алматы қаласы Әуезов ауданында тұратын ардагерлер: Рыжов Евгенийге, Тұрарұлы Байтүмеге, Мозговой Петрге, Керімқұлов Жаңбырға, Иванов Николайға, Асқарбаев Жаркөжеге, Дубовский Семенге, Садыбекова Аманатқа, Цыкунов Василийге, Әбдірахова Василияға, Репин Леонидке, Байсалбай Қайысбекке, Тюрин Михаилге, Қасболат Шолпанқұлға, Киль Самуилге және Савельев Михаилге «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» мерейтойлық медалдары табыс етілді.
Салтанатты рәсімнен кейін қонақтарға соғыс жылдарынан көріністер көрсетіліп, әскери әндер шырқалды. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың жауынгерлік ерліктері туралы бейне таспалар көрсетілді. Іс-шара соңында ардагерлерге арналып дәстүрлі сарбаз ботқасы қойылған мерекелік дастархан жайылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері