Мемлекет басшысы Алматыдағы «Алатау» киноконцерт залында болды

18 Сәуір, 2015 13:38
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «Алатау» киноконцерт залын аралады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президентке Алматы қаласының қоғамдық көлік саласын модернизациялау және экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында сатып алынған газбен жүретін автобустар мен ЭКО-таксилер көрсетілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті.

Қазақстан Президенті халықтың назарын ауданның көркейіп келе жатқанына және халық санының артуына аударды.

Ал, жергілікті тұрғындар өз кезегінде Елбасына осындай игі істердің жүргізіліп жатқанына алғыс білдірді.

 «Алатау» киноконцерт залының құрылысы 2014 жылы аяқталды, ол 790 орынға есептелген. Бұдан басқа нысанның инфрақұрылымында 100 және 150 орынға есептелген екі кинозал, әмбебап компьютер залы, кафе және әртістер үшін кешендер бар. 

Барлық жаңалықтар