- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті метрополитеннің «Сайран» және «Мәскеу» станцияларын аралады
Қазақстан Президенті метрополитеннің «Сайран» және «Мәскеу» станцияларын аралады
Мемлекет басшысы «Сайран» жаңа стансасын аралап көрді, содан кейін метро вагонымен «Мәскеу» стансасына барды. Жолда Елбасыға жаңадан салынған учаскенің жұмысы туралы баяндалды.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев құрылысшылармен және метрополитен жұмысшыларымен кездесті.
Жиналғандарды жаңа стансалар құрылысының аяқталуымен құттықтаған Қазақстан Президенті мегаполистегі жерүсті көлік ағынын сейілту үшін метрополитеннің маңызы зор екенін атап айтты.
"Қазақстандағы метросы бар бірден-бір қала – Алматы. Метро құрылысының арқасында 1350 жаңа жұмыс орны ашылды. Метрополитен жұмысы, біріншіден, тұрғындардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бір жарым миллион халық тұратын қаланың экологиясы жақсарады. Метроны күн сайын 24 мың адам пайдаланады. Жаңадан екі стансаның ашылуына байланысты олардың саны арта түседі. Жаңа стансаның бірі «Мәскеу» деп аталады, ал Мәскеуде «Алматы» стансасы бар. Осылайша елдеріміздің арасындағы достық байланыстар нығаюда", – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев қаланы инфрақұрылымдық тұрғыдан дамытуға мемлекеттің жұмсап отырған күш-жігеріне тоқталып өтті.
"Біз қаланың орталығы жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін бәрін жасап жатырмыз. Алматы – таза, жасыл, қауіпсіз қала, мұнда балалар үшін жақсы білім, медицина және көпұлтты қала ұжымының рухы бар. Қазақстан экономикасының 20 пайызы Алматының үлесіне тиеді. Қала қаржылық және мәдени орталық ретінде дами береді. 2017 жылы қысқы универсиада өтеді, сондай-ақ біз 2022 жылғы Олимпиадалық ойындарды өткізуге берілген өтінім бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осының бәрі Алматыны және тұтастай Қазақстанды бүкіл әлемде танымал етуге мүмкіндік беретін болады", – деді Қазақстан Президенті.
Құрылысшылар тұрғындардың көпшілігі үшін қатынастың басты көлігіне айналған маңызды әлеуметтік жобаға көрсеткен қолдауы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланың барша тұрғындары атынан алғыс айтты.
«Сайран» және «Мәскеу» стансаларының құрылысы 2014 жылы аяқталды. Стансалардың ара қашықтығы – 2,74 шақырым.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді