- Басты
- Жаңалықтар
- Ана мен баланың денсаулығын қорғау, демография мен бала туу мәселелері мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бөлігі – ҚР Мемлекеттік хатшысы
Ана мен баланың денсаулығын қорғау, демография мен бала туу мәселелері мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бөлігі – ҚР Мемлекеттік хатшысы
Конференцияның ашылу салтанатында клиника ұжымына және қатысушыларға ҚР Мемлекеттік Хатшысы, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Г.Н. Әбдіқалықованың атынан келіп түскен Құттықтау хат оқылды. Онда «Халықтың денсаулығын қорғау, демография мәселелері мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Бұл мемлекеттік билік органдарының, ғылыми сарапшылардың және іскер топтардың өзара қарым-қатынастарын күшейтуді қажет ететін сала. Осы орайда неке мен отбасы институтын нығайтуда «Экомед» клиникасының жемісті еңбегін атап өту керек» делінген.
Конференцияның жұмысына әлемге танымал Израиль, Германия, Ресей, Украина және Қазақстанның ғалымдары мен мамандары қатысты.
Конференцияда алдыңғы әлемдік іс-тәжірибені назарға ала отырып, бедеулікті анықтау және емдеу, аз стимуляция әдісін қолдану арқылы ЭКҰ бағдарламасының қолжетімділігін арттыру сияқты қосымша репродуктивті технологияларды қолдану бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Конференция аясында «Қарапайым отбасы» атты отбасылық фотосуреттер көрмесі өткізілді, көрменің кейіпкерлері - ата-ана бақытын сезінуге «Экомед» клиникасының мамандары көмектескен отбасылары болды.
Конференция «Экомед»-тің дарынды балалары мен олардың ата-аналары, сондай-ақ Қазақстанның өнер және мәдениет өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концертпен аяқталды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер