Көкшетауда Даңқ Аллеясының аумағына 130-дан астам ағаш отырғызылды (ФОТО)

19 Сәуір, 2015 11:39
Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 70 жыл толу қарсаңында Көкшетау қаласында ағаш көшеттері отырғызылды. Игілікті іс-шараға Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин қатысты.

Бұдан басқа, аталмыш шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, ҰОС ардагерлер Кеңесінің өкілдері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері және жастар атсалысты. Олар Даңқ Аллеясының аумағына 138 ағаш (шырша, қайың, шетен) отырғызды, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Жалпы ағымдағы жылы Көкшетау қаласында 8 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарлануда. Қалалық әкімдіктің атап өткендей, ағымдағы жылдың ағаш отырғызудың жалпы саны осымен шектелмейді. Бүгінгі күні облыс орталығында абаттандыру бойынша жаппай жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда енді бірер айдан кейін көкшетаулықтар жолдардың жиегінде гүлзарлардың нағыз көркем туындыларын  тамашалайтын болады.

Барлық жаңалықтар