• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда Н.Назарбаев «Dostyk Plaza» сауда-сауық орталығындағы «Made in Kazakhstan» брэндімен өндірілген өнімдермен танысты

Алматыда Н.Назарбаев «Dostyk Plaza» сауда-сауық орталығындағы «Made in Kazakhstan» брэндімен өндірілген өнімдермен танысты

18 Сәуір, 2015 11:50
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға жұмыс сапары аясында «Dostyk Plaza» сауда-сауық орталығында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы сауда-сауық орталығының жаңа ғимаратын аралап көрді. Сондай-ақ «Made in Kazakhstan» брэндімен өндірілген өнімдермен танысып, қазақстандық тауарлар сатып алды.

Қазақстан Президентіне қала базарлары мен көлік инфрақұрылымын қайта жөндеу барысы және жаңа сәулеткерлік жобалар туралы баяндалды.

 «Dostyk Plaza» сауда-сауық орталығы 2014 жылы ашылған.  Үш қабатты кешен ғимаратында 174 дүкен, 18 дәмхана және мейрамхана, сондай-ақ 10 залдан тұратын кинотеатр бар. 

Барлық жаңалықтар