- Басты
- Жаңалықтар
- Парадқа қатысу үшін Қазақстанға жаңа жоғарғы маневрлі Су-30СМ жойғыш ұшақтары келіп жетті (ФОТО)
Парадқа қатысу үшін Қазақстанға жаңа жоғарғы маневрлі Су-30СМ жойғыш ұшақтары келіп жетті (ФОТО)
Айта кетерлік жайт, ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет Қазақстан Әскери-әуе күштері екі орындық көп функциялы жоғарғы маневрлі 4++ буынына жататын Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен толығып отыр, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
«Бүгінгі таңда ҚР Қарулы Күштерінің авиациялық паркі Су-30 СМ жоғарғы маневрлі ұшақтарымен толықты. Бұл Қазақстан Әскери-әуе күштері жауынгерлік қуатының артқанын көрсетеді. Бұдан басқа, ұшақтың жоғарғы техникалық мүмкіндіктері ұшу құрамы даярлығының биік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Су-30СМ ұшағы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің қорғанысын айтарлықтай арттыра түспек. ҚР Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаевтың қамқорлығы арқасында армиямыз жылдан-жылға нығайып, әскерлерге әскери техниканың жаңа үлгілері келіп түсуде, әскери кадрларымыздың кәсіби шеберлігі артып келеді», - деп ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов атап өтті.
Жалпы, ұшақ базадан елеулі қашықтықта тәулік бойы, ауа-райының кез-келген жағдайында, қарсыластың ақпараттық және атыспен қарсы әрекет етуіне қарамастан жауынгерлік міндеттердің кең ауқымын орындауға қабілетті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты