Өңірлік әріптестікке орай Алматыда Шығыс Қазақстан күндері өтеді

9 Қазан, 2013 17:05
Ағымдағы жылдың 12-13 қазанында Қазақстан Республикасының өңірлері әріптестігіне орай Алматыда қаласында Шығыс Қазақстан облысы күндері өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«11 қазанда Достастық үйінде қос өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес форуммен өнеркәсіптік кәсіпкерлік көрмесі өтеді. 12 қазанда ауыл шаруашылық өнімдердің нарықтағы бағадан 20-30 пайызға төмендетіліп сатылатын жәрмеңкесі, одан кейінгі күні бал жәрмеңкесі ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, Ұлттық кітапханада бұл күндері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу, Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттер және спортшылармен кездесу, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында қолданбалы және сән өнерінің көрмесі өтпек. Алматыдағы ШҚО күндері бағдарламасы қазақстандық эстрада жұлдыздарының гала-концертімен аяқталады.

Облыс көлемінде жалпы республикалық қордан 24 пайыз шошқа еті, 45 пайыз бал жинақталған.Қорда  мемлекеттік балансқа тіреу болған алтын шығаратын 50 кен орны бар.

Соңғы үш жылда облыстың ЖІӨ 1,4 есеге өсіп, 1761,1 млрд теңгеге жеткен. ШҚО-ның әр тұрғынына өңірдің ЖІӨ-нен 8,4 мың доллардан келеді. Жұмысқа қабілетті әр үшінші тұрғын шағын және орта кәсіппен шұғылданады. Облыс еліміздің инвестиция тартуға қызығушылық тудыратын өңірлердің бірі. Соңғы 3 жылда облыс экономикасына тартылған  инвестиция көлемі 1,8 есеге өскен.

 

 

Барлық жаңалықтар