Сенаторлар жалпықалалық сенбілікке қатысты (ФОТО)

18 Сәуір, 2015 11:32
Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Сенат депуттары пен Палата аппаратының қызметкерлері дәстүрлі жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Шара барысында Сол жағалауда жүзден астам қарағай, балқарағай мен шетен ағашының көшеттері отырғызылды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында «Біз таза қаланы қолдаймыз» экологиялық сенбілігіне 92 000 адам қатысуда. Экологиялық айлық 13 сәуірде басталды және 13 мамырға дейін жалғасады. Бір ай ішінде қала абаттандырлып, жасылдандырылады, Астанадағы әлеуметтік нысандар аумағы, сонымен қатар, елордалық саябақтар мен шағын бақтар тазаланады.

Барлық жаңалықтар