- Басты
- Жаңалықтар
- 20 мыңнан астам ауыл тұрғыны «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдірді
20 мыңнан астам ауыл тұрғыны «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдірді
«Жалпы аталған мерзімде 188 аудан (453 кент) қамтылды. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға азаматтар ең көп ниет білдірген Оңтүстік Қазақстан облысында өтініш білдірген 6982 адамның 2218-і қатысушы болды. Алматы облысында 1743 азаматтың 465-і, Маңғыстау облысында – 1122, Шығыс Қазақстан облысында – 970, Астана қаласында – 635 адам бағдарламаға қатысушы болды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Кейбір өңірлерде кенттерді қамту көлемі жоспардан аса орындалды. Айталық, Оңтүстік Қазақстан облысында мобильдік топтар қосымша 4 ауылды, Маңғыстау облысында – 49, Шығыс Қазақстан облысында – 51, Атырау облысында – 20, Қарағанды облысында – 49, Павлодар облысында – 27 ауылды аралады.
«Өрлеу» бағдарламасына қатысуға ниет білдіргендер саны ең көп болған Шығыс Қазақстан облысында 4460 азаматтың 208-і қатысушыға айналды.
Бұған дейін хабарланғандай, жалпы Қазақстан бойынша құрамына 441 қызметкер енген 178 мобильдік топ құрылды. Алғашында жұмыссыздық деңгейі жоғары, өздерін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар және тұрмысы төмен тұрғындары көп, сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу деңгейі төмен 181 ауданның 404 ауылын қамту жоспарланды. Мобильдік топтардың жұмысы 2015 жылдың соңына дейін жалғасады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты