• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ҚазАвтоЖол» ҰК басшысы Сочиде өткен инвесторлар мен жол инфрақұрылымы операторларының форумына қатысты

«ҚазАвтоЖол» ҰК басшысы Сочиде өткен инвесторлар мен жол инфрақұрылымы операторларының форумына қатысты

18 Сәуір, 2015 14:03
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының басшысы Ермек Қизатов Сочиде өткен инвесторлар мен жол инфрақұрылымы операторларының ІІІ Халықаралық форумына қатысты.

Форум Ресей мемлекеттік «Автодор» компаниясының және инвесторлар мен жол саласы операторларының Ұлттық қауымдастығының ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.   

Аталып өткендей, форум  жол саласындағы инвестиция нарығының келешектегі дамуын талқылауға арналды. Жиында көлік инфрақұрылымын дамыту, аймақтарда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктерінің орталықтарын құру, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Халықаралық көлік дәлізінің құрылыс барысы және т.б. мәселелер талқыланды. 

Сонымен қатар, форум аясында М-11 «Мәскеу-Санкт-Петербург» жоғары жылдамдықты автомобиль жолының жобасы таныстырылды. Жоба бойынша құрылыс жұмыстары аяқталысымен, автобан ақылы негізде жұмыс істейтін болады. 

Барлық жаңалықтар