- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Түркия құқық қорғау органдарында ғылыми мәселелер бойынша тәжірибе алмасу ынтымақтастығын жалғастырады
Қазақстан мен Түркия құқық қорғау органдарында ғылыми мәселелер бойынша тәжірибе алмасу ынтымақтастығын жалғастырады
Кездесу жұмысына Бас прокуратура Институтының директоры Салтанат Тұрсынбекова, Алматы қаласының прокуроры Берік Асылов, Бас прокуратура және Алматы қаласының прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты, деп ведомстводан хабарлады.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары түркиялық тарапқа прокуратура органдары алдында тұрған негізгі мәселелер туралы әңгімелеп, соның ішінде қылмысқа қарсы күрестегі халықаралық тәжірибені меңгеру – қадағалау органдарының жұмысын жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі екендігін атап өтті.
Бұл тұрғыда И.Меркель Қазақстанның прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға белсенді қолдау жасап отырған Түркияның Әділет академиясының рөліне айрықша тоқталды.
Кездесуді қорытындылаған И.Меркель алдағы уақытта өзара сенім мен сыйластыққа негізделген жемісті және тиімді ынтымақтастық жалғасын табатындығына сенім білдірді.
Өз кезегінде түркиялық делегацияның жетекшісі, Әділет академиясының вице-президенті судья Мұстафа Артуч қонақжайлы қабылдау мен мазмұнды кездесу үшін алғысын айтып, біліктілікті арттыру мен ғылыми тәжірибе алмасу мәселелерінде Қазақстанның прокуратура органдарымен алдағы уақыттағы жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция