- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың қоғамдық көліктерінде тегін ғаламтор пайда болады
Астананың қоғамдық көліктерінде тегін ғаламтор пайда болады
Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев «Beeline Қазақстанның» бас директоры Тарас Пархоменкомен кездесу өткізді, деп елорда әкімдігінен хабарлады.
Кездесу барысында «Beeline Қазақстан» компаниясы үстіміздегі жылы елорданың 100 қоғамдық көлігінде тегін интернет жүйесін іске қосатыны туралы келісілді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 50 қалалық автобус жолаушылары тегін интернетпен қолдана бастаса, 1 қазаннан бастап тағы 50 автобуста тегін интернет іске қосылады.
«Бүгінде смартфондар мен планшеттерді пайдалану деңгейі күн санап артып келе жатқандықтан, елорда тұрғындары үшін мобильді интернеттің кез-келген жерде қол жетімді болуына қажеттілік туындап отыр. Аталған жобаның басымдылығы – жолаушылардың барлығына бірдей қол жетімді болуында және бұл ретте олардың қай байланыс операторының қызметін пайдаланатыны маңызды емес», - деді әкім орынбасары Н. Әлиев.
Жобаның серіктестері - Астана әкімдігіне қарасты мекемелер: «Астана Innоvations» АҚ инновациялық даму операторы және елорданың көлік инфрақұрылымы дамуының операторы «Астана LRT» ЖШС.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады