- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды
Б.Сапарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды
Балқаш қаласында Б.Сапарбаев «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында салынған № 15 мектеп-лицейінде болып, «Ертөстік» балабақшасын көрді. Сондай-ақ түрлі өнеркәсіп мамандықтары бойынша дуальды оқыту жүйесі енгізілген «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінде болды. Үкімет басшысының орынбасарына мониторинг жүргізудің электронды жүйесі мен оқулықтармен қамтамасыз етудің және оқушылардың кәсіптік бейімделу шараларының таныстырылмы жасалды. Осы жерде Б.Сапарбаев қалалық құрылымдардың басшыларымен кездесіп, оның барысында әлеуметтік бағыттағы мәселелер сөз болды.
Денсаулық сақтау мен білім беру мәселесі Приозерск қаласында өткен кездесуде көтеріліп, Премьер-Министр жақында ғана салынған «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені мен ҚР ЖПБ Медициналық орталығында, 1000 оқушысы бар өнер және спорт мектебінде болды.
Б.Сапарбаев Приозерск қаласындағы кешеннің өте өзектілігін атап өтті.
«Заманауй құрылғылар мен білікті дәрігерлердің арқасында қаланың қонақтары мен тұрғындары денсаулықтарын нығайтып, күш жинауға үлкен мүмкіндік алады. Шипажай жергілікті тұрғындарға сапалы әлеуметтік көмек көрсетуде алдыға жасалған тағы бір маңызды қадам болды»,-деді ол.
Кешеннің құрылымына емдеу және спорт кешендері, кітапхана, балаларға арналған орын, киноконцерт залы кіреді. Шипажай 150 орынға негізделген. Аталған нысанның іске қосылуының арқасында 185 жұмыс орны құрылды.
Тәуліктің екінші жартысында Премьер-Министр Жезқазған қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, ал Жезді ауылында шалғай жатқан елді мекендердегі халыққа «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының мақсат-міндеттерін түсіндірумен айналысатын және зейнетақы мен әлеуметтік жеңілдіктер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізетін жедел топтың қызметімен танысты. Сапар жұмыс орындарын сақтап қалу мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне арналған мәжіліспен аяқталды.
Мәжіліске қатысушыларға қарата айтқан сөзінде Үкімет басшысының орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақытында әрі сапалы орындау қажеттігі мен тұрғындарды жұмыспен қамтуға қолғабыс етуге және қоғамда тұрақтылықты сақтауға баса назар аударды.
Премьер-Министрдің орынбасары сонымен қатар су тасқыны мәселесін де қозғады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет еліміздің аймақтарындағы су тасқынына байланысты жағдайды тұрақтандырып, бақылауға алу мақсатында барлық шараларды қолдануда. Осы уақытта Үкімет қоржынынан қосымжа қаржы бөлу мен демеушілік көмекті де тарту мәселесі қарастырылуда»,-деді Б.Сапарбаев.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары