• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның ұлттық палатасында "жасыл экономикаға" көшумен байланысты заң жобасы қаралды (ФОТО)

Қазақстанның ұлттық палатасында "жасыл экономикаға" көшумен байланысты заң жобасы қаралды (ФОТО)

17 Сәуір, 2015 18:24
Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында «жасыл экономикаға» көшу мәселесіне байланысты заң жобасы қаралды.

«Қазіргі таңда аталмыш заң жобасы келісу үшін  Президент әкімшілігіне жіберілді. Заң жобасын жетілдірудің нәтижесінде 10 заңнамалық актіге өзгеріс енгізіледі. Су ресурстарын тұрақты пайдалануға қатысты енгізілген өзгерістер мен түзетулер  су ресурстарының тапшылығын болдырмау, суды пайдаланушылар мен мемлекеттік органдардың әдістемелік қамтамасыз етілуін жақсарту, мақсатты көрсеткіштерді жетілдіру арқылы судың сапасын арттыру мақсатында енгізіліп отыр», -деді Энергетика министрлігінің «жасыл экономика» департаментінің директоры Бейбіт Шаханов.

Бұған қоса құжаттың қалдықтарды басқару бөлігінде қалдықтарды қайта өңдеп, пайдалы материалдарды екінші қайтара пайдалануға ынталандыру қшаралары қарастырылған.  Құжатта реттейтін екі құралды енгізу қарастырылған («Өндірістің кеңейтілген міндеттемелерін енгізу (ӨКМ)», «Жаңартылған энергия көздерін пайдалану нысандарында коммерциялық есептің автоматтандырылған жүйесін енгізу (КЕАЖ)»

ӨКМ енгізудің мақсаты өнімдерді және олардың қалдықтарын жеке және заңды тұлғалардың есебінен  жинауды, шығаруды, қайта өңдеуді ұйымастыру. КЕАЖ енгізудің мақсаты ҚР-ның ортақ энергожүйесіндегі жаңартылған энергияны өндіруде алғаштықты жою.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген  Азамат Әлиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар