- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Чанакалледе өткен соғыс туралы суреттердің теңдесі жоқ көрмесі өтті (ФОТО)
Астанада Чанакалледе өткен соғыс туралы суреттердің теңдесі жоқ көрмесі өтті (ФОТО)
«Әр халықтың тарихында Ұлы батырлар болған. Чанакалле маңында болған соғыс Түркия үшін үлкен сілкініс болды. Түркия бұл соғыста үлкен қарсылық көрсетіп, халқымыз жүздеген жылдар бойы оны есте сақтап келеді. Сол себепті біз бүгін сол қиын-қыстау кезеңдерде соғыс тауқыметін шеккен азаматтардың қайғы-қасіретін еске салғымыз келіп отыр»,-деді Юнус Эмре атындағы институт жетекшісі Хайати Девели.
Оның айтуынша, бұл көрме сол жылдардағы сұрапыл соғыстың тек кейбір сәттерін ғана бейнелейді.
«Фотосуреттер тікелей әскери мұрағаттан алынған, расын айтқанда мұндағы суреттердің кейбірін біздің өзіміз де алғаш рет көріп отырмыз. Осы суреттерді қалың көпшіліктің назарына ұсына отырып, Қазақстанмен арамызда достық, жылы қарым-қатынас орнықса екен дейміз. Біз өткенді еске ала отырып, бүгінгі таңда достық пен бірлікте өмір сүрудің қаншалықты маңызды екендігін жақсы түсінеміз»,-деді Хайата Девелли.
Чанакалле Чанакалле шығанағына кіретін жолда орналасқан түріктердің қаласы. Чанакалленің негізі XV ғасырда қаланған және ол Осман бекінісі болатын. XVIII ғасырларда аталмыш аймақ қарқынды дамыды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Чанакалла аймағында Дарданель операциясымен байланысты оқиғалар орын алып жатты.
Дарданель - Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Уинстон Черчильдің бастамасымен Антанта елдері тарапынан ұйымдастырылған кең көлемді әскери операция. Оның мақсаты Түркияның астанасы Константинопольды және Ресейге апаратын ашық теңіз жолын басып алу болатын.
Бір жылға жуық уақытқа созылған Дарданель операциясы Бірінші дүниежүзілік соғыстың маңызды кезеңі болатын. Алайда ол осы операцияны ұйымдастырушы Британия, Франция мен олардың одақтастарына өздері ойлағандай нәтиже бермеді. Өйткені түрік әскерлері оларға табанды қарсылық көрсетті. Бұл шешуші ұрыс еді, нәтижесінде Түркия аймағынан шетелдіктер қуып шығарылды.
Өз кезегінде көрменің ресми ашылуынан соң қонақтарға Чанакалле туралы қысқаметражды кино көрсетіліп, қонақтар арасында лотерея ойыны ойнатылды. Ондағы басты сыйлық екі адамға Чанакалле аймағында демалып келуге берілетін туристік жолдама болатын. Яғни жолдаманы ұтып алған адам Түркиядағы әйгілі соғыс өткен тарихи оқиға болған орынды көріп қайтады.
Индира Кауметова
Фото Азамат Алиев
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері