- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен Р.Ердоған Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде болды
Н.Назарбаев пен Р.Ердоған Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде болды
Оқу орнына келген Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоған университет қалашығының макетімен танысты және музейді аралап көрді.
Сондай-ақ екі ел президенттері Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Түркия Президентіне Құрметті профессор атағы берілді, содан кейін ол университеттің оқытушы-профессорлар құрамы алдында сөз сөйледі.
Р.Ердоған көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, түркі тілдес елдердің арасындағы байланысты нығайтудағы оқу орны қызметінің маңыздылығын атап өтті.
Түркия Президенті Қожа Ахмет Яссауидің бүкіл түркі дүниесіне қалдырған рухани мұрасының орны айрықша екенін айтты.
Р.Ердоған Түркияның әрбір тұрғыны үшін Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан зор мәнге ие екеніне назар аударды.
«Соңғы 20 жылда елдеріміздің саяси, әлеуметтік және мәдени өмірінде зор өзгерістер болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі емтиханнан жақсы өтті. Барлық сынақтарды еңсеріп, үлкен табыстарға жетті. Бұл көбіне көп өз елін жоғары деңгейге шығару үшін оның географиялық қонысын пайдалана білген Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында мүмкін болды», – деді Түркия президенті.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті түркі тілдес мемлекеттер ішінде халықаралық мәртебесі бар бірден-бір жоғары оқу орны саналады. Онда әлемнің түркі халықтары тұрып жатқан 32 елінен келген студенттер оқиды. Сабақ қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүреді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды