- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев ТМД ПАА-да Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөз сөйледі
Қ.Тоқаев ТМД ПАА-да Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөз сөйледі
Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жөніндегі Шаралардың арнайы жоспары бекітілгенін, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы» Жарлыққа қол қойылғанын, бүкіл ел бойынша Қазақстан Президентінің ардагерлерді қолдау жөніндегі жалпы ұлттық шарасы өткені туралы хабардар етті.
«Ең ауыр сынақ жылдарында денсаулығы мен өмірлерін аямастан бүкіл әлемге туған Отанымыздың қайтпас рухын паш еткен соғыс және еңбек майданының ардагерлеріне, Ленинградты қорғаушыларға біз шексіз алғысымызды білдіреміз. Біз, майдангерлердің балалары, өз есімдерін жеңімпаз батырлар, азат етуші жауынгерлер ретінде әлемдік жылнамаға мәңгілікке жазған әкелеріміз бен аналарымыздың алдында басымызды иеміз», - деді Қ.Тоқаев.
Қазақстандықтардың жеңіске үлесі туралы айта келіп, Сенат Төрағасы 1 миллион 200 мың жауынгерлер майданға аттанғанын, олардың жартысы айқас алаңдарынан оралмағаны туралы хабардар етті. Соғыстағы ерліктері үшін 528 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды, олардың төртеуі бұл атаққа екі мәрте ие болды. 110 мың біздің отандастарымыз Даңқ орденімен марапатталды, олардың 100-ден астамы Даңқ орденінің толық иегері. Тыл еңбеккерлері өздерінің жанқиярлық еңбегімен Жеңіс күнін жақындата түсті. «Қазақстан соғыс жылдарында жалпы одақтық қорғасынның 85 пайызын, мыстың 90 пайызын, көмірдің 8/1-ін, молибденнің 60 пайызын, полиметалдың 70 пайызын өндірді. Майдан қажетіне 6 миллион тоннаға жуық нан, 730 тоннадан астам ет өнімдері жөнелтілді», – деп атап өтті Қ.Тоқаев.
Гитлершілер коалициясына қарсы жеңісте шешуші үлес қосқан тек КСРО екенін атап өте келіп, Сенат Төрағасы Ұлы Отан соғысының тарихын бұрмалаушылыққа жол берілмейтіні туралы айтты: «Қандай саяси ұмтылыс болса да, тарихи шындықты құрбан еткісі келетін ондай ұмтылыстар халықаралық жағдай мен тұтастай әлемдік тәртіп үшін теріс зардаптарға апаратын болады».
Санкт-Петербургте қазақстандық парламентшілер «Естелік эстафетасы» шарасының мәрелік салтанатына қатысты. Парламентаралық Ассамблея делегациясы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арнап салынған мемориалда болды және одан Мәңгілік оттың бөлігін арнайы құтыға енгізіп алды. Салтанатты жиналыста ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер парламенттерінің өкілдері алаулардың бөліктерін Достастықтың тұтас алауына біріктіріп, Мемлекеттік тарих мұражайының Санкт-Петербургтегі филиалы – «Ленинградтың ержүрек қорғаушыларының монументіне» жеткізілді.
Жеңістің 70 жылдығына Санкт-Петербургте сонымен қатар «Біз жеңдік, өйткені біз біргеміз» деген фотосуреттер көрмесі өтті және әскери оркестр қатысқан салтанатты концерт болды.
Парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету және еуразиялық ықпалдастық мәселелері Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевтың Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесуінде талқыланды.
Жүздесушілер парламентаралық өзара іс-қимыл стратегиялық ынтымақтастықтың маңызды құрамы болып табылатыны туралы пікір білдірді. М.Мясникович Қ.Тоқаевты Беларуське ресми сапармен келуге шақырды.
Сенат Төрағасы Парламенттің заң шығару қызметімен әріптесін таныстыра келіп, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтты және «Нұр Отан» партиясының Съезінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жария еткен бес институттық реформалардың мазмұнына назар аударды. «Бүгінде Президент реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету Парламент жұмысының басты бағыты», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады