ҚКХП ұсынған кандидат Т. Сыздықов Ақмола облысының қоғамымен кездесті

17 Сәуір, 2015 17:20
Қазақстан Республикасы Президенттігіне ҚКХП кандидат Тұрғын Сыздықов өзінің сайлауалды насихаты аясында Ақмола облысы Ақкөл қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлады кандидат штабының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Т.Сыздықов партияның жұмысына және өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты қағидаттарына тоқталып өтті.

Бүгінгі күні жалпы адамдық құндылықтардың қатарында бірінші кезекте дүние жүзіндегі бейбітшіліктің кепілі болып келетін халықтардың бейбіт өмір сүруі және интернационализм екендігін тайсалмай айтуға болады, деді Т.Сыздықов.

Әлемнің барша халқы тұрақтылық пен өркендеуді сақтау маңыздылығын түсініп келеді, ал ол үшін шыдамдылық пен төзімділік идеяларын алға тарту қажет.

Жер жүзіндегі бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы – барлық мемлекеттердің бейбіт өзара әрекеттестігі екендігі күдік тудырмайды.

Осы жерде ізгілік пен адамгершілік идеялары бірінші орынға шығатыны сөзсіз.

Қазір біздер бейбіт өмір сүрудеміз, бұл біздің тарихи қонақжайлығымызға, мейірбандығымызға және ізгілігімізге байланысты болып табылады. Бұл біздің дәстүріміз.

Бұл жерде маңызды рөл жастарға арналған, олар өз бойына тек ең жақсысын сіңіре отырып, әсемділікті тани бастайды. Жастар бойына отбасылық құндылықтарды, ілгері жүріс ынталандырмасын және өзіндік жетілдірілуді сіңіру қажет.

«Коммунистік халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары жатыр.

Материализм, экономикалық ілім және ғылыми коммунизм теориясы марксизмді құраушы басты бөлімдер болып табылады.

Марксизм ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мәліметтерді тарату негізінде үздіксіз дамып, жетіліп отыратын шығармашылық білім болып табылады» - деді Т.Сыздықов.

Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдарың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық.

Батыстық жауапсыз өмір стандарттары ғасырлар бойы қалыптасып, тәртіпке айналған адамгершілік қасиеттерін көлеңкеге ысырып барады

Батыстың ықпалымен көрсеқызарлыққа, қанағатсыздыққа, еңбексіз қарын тойдыруға үйрететін тәрбие алғандар кез келген теріс әрекетке дайын тұрады.

Батыстық жат мәдениеттің баяндауымен жеңіл жетістікке жеткендерді ешбір моральдік құндылықтар мен тәрбие тура жолға қайта түсіре алмайды.

Батыс адами құндылықтар дағдарысын бастан кешіп отыр. Қоғам санасын тұтынушылық стандарттар, рухани жұтаңдық, зорлық-зомбылыққа негізделген идеялар билеп алған.

Осы адамгершілік бағыттар түсінікті және біздің ата-бабаларымыздан келе жатыр. Бұл жастардың дамуына, отбасы құруына және болашаққа бағдар жасауға мүмкіндік беретін негіз болып табылады.

Бұл жерде шыдамдылықтың жаңашылдық күшіне, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жоғары құндылықтарына назар аудару қажет. 

«Біздің аймаққа Т.Сыздықов келіп, сайлаушылармен кездесулер өткізгеніне қарамастан, бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы сайлауалды штабы қала тұрғындары үшін бірқатар іс-шараларын жалғастыруда», - деп мәлім етті Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің жетекшісі Байдаулетов Шыңғыс.

«Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары.Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдарың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық», - деді Ш.Байдаулетов.

Батыс Қазақстан Облыстық комитет жетекшісі С.Ярлыгасымов мәлім еткендей: «ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды науқанының жоспарына сәйкес, сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.Батыс адамы бірте-бірте адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді.Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды», - деді ол.

Кандидаттың Батыс-Қазақстан облысындағы сенімді тұлғасы С.Ярлыгасымовтың айтуынша штабта 5 сенімді тұлға мен облыстық комитеттің жиырмаға жуық белсендісі бар. Олар күнделікті партия жұмысынан бөлек, үгіт-насихат жұмыстарымен де айналысады. Атап айтқанда, партияның баспасөз өнімдерін таратып, халықпен кездесулер ұйымдастырып, сайлаушылардың үйіне барып, үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Интернет пен әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өзіміздің партиялық сайтымыз бен «Қазақстан коммунисті» деген газетіміз бар. Олардың көмегімен кез келген адам партия өмірімен кеңінен таныса алады», - деді сенімді тұлға.

Барлық жаңалықтар