• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Қостанай облысының аграрилері және еңбекші ұжымымен кездесті

Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Қостанай облысының аграрилері және еңбекші ұжымымен кездесті

17 Сәуір, 2015 17:08
Қазақстан Республикасы Президентігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Қостанай облысында болды. Олар аймақтың шаруаларымен және еңбекші ұжымдарымен кездесті, сонымен қатар Ұлт көшбасшысы жақтаушыларының форумына қатысты, деп хабарлады штабтың баспасөз қызметі.

Бюджеттік саланың мамандарымен кездесуде жетім балалар мен ата-ананың қарауысыз қалған балаларға арналған №1 Рудненск түзеу мектеп интернатының мұғалімі Ирина Дмитриева, ұстаздар өз Президентін мақтан тұтады, себебі ол мемлекеттің болашағына – жаңа қазақстандықтардың ұрпағына үлкен көңіл бөліп келеді, деп атап өтті.

«Ұлт көшбасшысы балаларға үлкен қамқорлық көрсетеді. Тек соңңы жылдардың өзінде Қазақстанда балалардың құқығын қорғау бойынша 12 қаулы қабылданды», - деп баса айтты Ирина Дмитриева.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ерекше алғысын облыстың аграрилері білдірді. Олар аграрлық сала мемлекет басшысының қолдауының арқасында дамып келеді, деп атап өтті.  Фермерлер заманауи технологиямен қамтылған, олардың қожалықтарында мал басы артып келеді, егіс алқаптарында жерді өңдеу бойынша алдыңғы қатарлы технологиялар енгізілуде және инновациялық қайта өңдеу өндірістері ашылуда.

«Біз әрқашен ертеңгі күнімізге сеніп келдік және сенмізде. Себебі бізге Ұлт көшбасшысы қамқор болып келеді. Мысалы, біздің ауылдарымызды алайық,. Бізде заманауи мал шаруашылығы кешені, сүт өңдеу цехы, наубайхана, заманауи мәдениет үйлері бар және жақын арады сүт өнімдерін өңдеу бойынша цех ашылады», - деді «Садчиковское»ЖШС жұмысшысы  Елена Шархиева.

Сонымен қатар,  РҚШ мүшелері Қостанайлық зауыттардың бірінде болып, «ЕуразияКаспиБолат» ЖШС өкілдерімен кездесті. Зауыт Индустрияландыру картасы мен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында салынған.

«Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында жылда жаңа зауыттар ашылып, бүтіндей салалардың жұмысы жолға қойылуда. Біздің металургия зауытымыз 4 жылдың ішінде үлкен өндіріс ошақтарының біріне айналды. «ЕуразияКаспийБолат» тек жұмыс орындарымен қамтамасыз етпейді, ол жоғары жалақыны да береді. Біз ертеңгі күнімізге сенеміз және сол үшін Елбасына үлкен рахмет!»,-деді зауыт жұмысшысы Наталья Асташкина.

«ЕуразияКаспиБолат» ЖШС  директоры Сергей Сотников «біздің барлық жетістіктеріміз Елбасымен байланысты және зауыт қызметкерлері өздерінің таңдауларын жасады, олардың таңдауы -Нұрсұлтан Назарбаев»,-деді.

Осы күні РҚШ қызметкерлері «Корона» деп аталатын макарондарымен белгілі «Қостанай мелькомбинат» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Кәсіпорынның ұжымы Президентке отандық өнімдерге қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау мақсатында Қостанай облысында мыңдаған   үлкен форум ұйымдастырылды.

«Мемлекет басшысының бізге жіті көңіл бөлуінің арқасында автоөнеркәсіп өнеркәсіп саласының ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Соңғы 4 жылда саланың ішкі жалпы өнімдегі үлесі 4,5 есеге артты. Өнім өндіру қарқынының өсімі 120 мың жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Біздің зауытқа келгенде Елбасы SsangYoug Nomad көлігіне «Жол болсын!» деген жазу қалдырды. Осы тілек бізді үлкен биіктерге жетелейді»,-деді «Агромашхолдинг» АҚ Басқарма төрағасы Александр Сидоренко.

Форум барысында қостанайлықтар 26- сәуір күні Қазақстанның жаңа жеңістері үшін дауыс беретініне, яғни  Елбасына дауыс беретіндіктеріне сендірді. 

Барлық жаңалықтар