- Басты
- Жаңалықтар
- Сайлау тақырыбына қатысты БАҚ-та 15 мың материал жарық көрді – ҚР ОСК
Сайлау тақырыбына қатысты БАҚ-та 15 мың материал жарық көрді – ҚР ОСК
Республикалық телеарналарда эфирге 3335 сюжет (49 %), радиода – 1121 материал (17 %) газеттерде 556 мақала (8 %), ал интернет-ресурстарда 1788 жарияланым (26 %) орналастырылды.
Өңірлік БАҚ-тарда жалпы алғанда сайлауға байланысты 8862 материал жарияланды. Олардың ішінде 6997 сюжет (79 %) телеарналар эфиріне шықты, 1619 (18 %) баспа басылымдарында жарияланды және 246 (3 %) материал интернет-ресурстарда орналастырылды.
«Кандидаттар мен олардың штабтарының сайлауалды белсенділігі дәрежесі әр түрлі екенін атап өткен жөн. Мысалы, үгіт басталғаннан (26 наурыздан 14 сәуірге дейін) кандидат Н. Назарбаевтың - 48 (Республикалық қоғамдық штабтың кездесулері), Ә Құсайыновтың – 20, Т. Сыздықовтың – 18 ақпараттық себебі болды», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды қызметін БАҚ-та жария етуге қатысты айтсақ, 26 наурыздан бастап бұл тақырыпқа 8964 материал арналды, олардың 3442 - республикалық БАҚ-тарда, тағы 5522 – өңірлік БАҚ-тарда жарияланды.
Кандидаттардың сайлау алдындағы қызметін жария ету бойынша ақпараттық жұмыстан басқа БАҚ-та кандидаттардың сайлау қорларынан, сондай-ақ мемлекеттің кепілдігін қамтамасыз ету шеңберінде бюджеттен бөлінген қаражат есебінен төленген үгіттік материалдар орналастырылды.
«Үгіт науқанының басынан республикалық теледидарда Н. Назарбаевтың осындай 513, Т. Сыздықовтың – 119 және Ә. Құсайыновтың – 88 үгіттік материалы шықты. Республикалық радиода Н. Назарбаевтың 514, Ә. Құсайыновтың – 38 және Т. Сыздықовтың – 19 материалы. Баспа БАҚ-тарында Н. Назарбаевтың 14, Т. Сыздықовтың – 4 және Ә. Құсайыновтың – 2 материалы, -делінген хабарламада.
Дегенмен, жариялануы тек қана сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылған үгіт материалдарын жеке қарастырсақ, жағдай біршама дәрежеде өзгеше. Ең алдымен, бұл кандидаттардың ұйымдастыру ресурстарының әр түрлі екенінен түсіндіріледі. Сайлау қорын уақтылы қалыптастыру, толықтыру және тиімді пайдалану көбінесе дәл соларға байланысты.
Мониторинг шеңберінде лауазымды тұлға болып табылатын және өздерінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кандидаттардың қазіргі қызметі (сайлау тақырыбын ескермей) жөніндегі материалдар жекеше қадағаланатынын атап өту қажет. Сайлауға арналған материалдардың жалпы көлемінде олар ескерілмейді, себебі олар сайлау науқанымен байланысты емес.
Жалпы, тағайындалған сәтінен бастап сайлау науқанын жария ету процесіне бұқаралық ақпарат өкілдері белсенді кірісіп, ақпараттық кеңістікті аталған тақырыпқа арналған материалдармен толтыруды жалғастыруда деген шешім шығаруға болады.
Дегенмен, олардың назарында сайлау процесі мен сайлау рәсімдері ғана емес, сондай-ақ көбінесе тікелей кандидаттардың өздері. Олардың қызметі, сонымен қатар олардың сенім білдірген адамдары мен сайлау штабтарының қызметі жаңа ақпараттық себеп туғызып, тең жағдайда және салыстырмалы көлемде жария етіледі.
Мониторинг деректері кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қолжетімділігі қамтамасыз етіліп отырғанын, ал сайлаушылардың Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген барлық кандидаттар туралы толық, сенімді және шынайы ақпаратты алуына мүмкіндіктері бар екенін айтады.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, мониторинг 53 республикалық баспа басылымын, 16 республикалық телеарнаны, 179 өңірлік баспа басылымын, 29 өңірлік телеарнаны, сондай-ақ 7 ақпарат агенттігі мен 117 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсты қамтиды.Әлеуметтік желілерде мониторинг 200-ден астам қоғамдастық пен қоғамдық пікір жетекшілерінің 250 бетін, Youtube бейнепорталындағы 30 пайдаланушы арналарды, Twitterдегі өзекті хештегтер лентасындағы жаңартуларды қамтыды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды