«Қазпоштаның» 20 жылдығына орай жаңа пошталық марка шықты

9 Қазан, 2013 17:11
Бүгін, 9 қазан күні «Қазпошта» АҚ жаңа пошталық хабарламаға «Естелік, мерейлік күндер және мерекелер» атты жаңа пошталық блок ашты, ол Қазақстан ұлттық жүйесі операторының 20 жылдығына арналды, деп «Қазпоштаның» баспасөз қызметі хабарлады.

« «Қазпошта» АҚ «Естелік, мерейлік күндер және мерекелер» атты жаңа пошталық блок ашты, ол «Қазпоштаның» 20 жылдығына орай жасалып отырған әрекет. Аталмыш марка «Қазпошта» АҚ-ның  халықаралық пошта қоғамында тұрақтылыққа ие екендігін айқындайды», - деп хабарламада жазылған.

«Қазпоштаның» 20 жылдығын тойлау барысында компанияның филиалдарында шығармашылық конкурстар, қайырымдылық акциялар ұйымдастырылатын болады.

Айта кетейік, 9-нан 15 қазанға дейін дәстүрлі шаралар өтеді. Дүниежүзілік пошта күніне арналған: ашық есік күндері, көрмелер, жазылушы күні тәрізді шаралар өтеді.

Жалпы, «Қазпоштаның» 20 жылдық тарихында 844 пошталық марка шығарылды.  

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар