- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК төрағасы С.Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысымен кездесті
ҚР ОСК төрағасы С.Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысымен кездесті
Кездесуге сондай-ақ, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы Басшысының орынбасары Меган МакКейб Фитцжеральд, Ортсайлауком Төрағасының орынбасары В.К. Фоос, Ортсайлауком хатшысы Б.С. Мелдешов, ҚР ОСК мүшелері Т.В. Охлопкова, М.А. Сәрсембаев және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құқықтық мәселелер жөніндегі маманы Мерсе Кастеллс Висенте мен сайлау мәселелері жөніндегі маманы Лусиан Рауль Мурешан қатысты.
Ортсайлауком басшысы Йонкер ханымды Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру күніне дайындық жөніндегі жұмысымен таныстырды, сондай-ақ ҚР ОСК мен жалпы сайлау органдарының ағымдағы қызметі туралы айтып берді.
«Осы уақытта дауыс беру күніне белсенді дайындық жүріп жатыр. Сонымен қатар біз кандидаттардың БАҚ-тарға тең қол жеткізуін бақылауды жүзеге асырудамыз, сайлау заңнамасының нормаларын бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізудеміз. Сонымен қатар біз сайлауды ұйымдастырушылар мен сайлау процесіне қатысушыларды оқыту, сондай-ақ сайлаушылар тізімдерін жаңарту және түзету жөнінде жұмысты жалғастырудамыз», - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысы өз кезегінде ұйымдастырылған кездесу, сондай-ақ ҚР ОСК тарапынан көмек пен ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді, Миссия сарапшыларының жұмысы туралы айтып, Ортсайлауком Төрағасын Миссияның аралық есеп дайындағаны туралы ақпараттандырды.
Сонымен қатар Йонкер ханым сайлаушылар тізімдерін жаңарту жөніндегі жұмыстың күрделілігі мен маңыздылығын атап өтті.
«Біздің мақсатымыз – әрбір сайлаушының сайлау құқығын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету. Ол үшін біз барлық қажетті қадамдардың алдын алудамыз: сайлау комиссияларының ХҚО-мен өзара іс-әрекеттерінің жаңа тетіктерін енгізудеміз, сайлаушылар өздерін сайлаушылар тізімдерінен нақтылау процесіне белсенді қатысуға шақырамыз және т.б. Жергілікті атқарушы органдар өңірлерде арнайы Call-орталықтарын ашуда. Осы сәтте жалпы республика бойынша олардың саны 423» - деді Қ. Тұрғанқұлов.
Кездесу барысында сондай-ақ сайлау комиссияларын қалыптастыру тәртібімен, лингвистикалық комиссия жұмысымен, сайлау учаскелерінде дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығарумен байланысты мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында Қ. Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының сарапшыларына сайлауды байқауда табыс тіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды