ҚХА-ның «20 игі іс» акциясына жарты милионнан астам адам қатысты

17 Сәуір, 2015 15:04
Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық «20 игі іс» акциясына жарты милионнан астам адам қатысты, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Калашникова ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

«Астанаға 21 сәуірде қайырымды іске толы акцияның символы  Тайқа зан қайта оралады және Бейбітшілік және келісім сарайына орнатылады. Сессияға қатысушылардың барлығы қайырымды істердің тақырыптарымен таныса алады», -деді Н. Калашникова.

Оның айтуынша, алдын ала қорытындылар жасалды «бұл маңызды әлеуметтік жобалар, олар акция шеңберінде 1652 елде мекенде өткізілді, барлығы 2514 шара өткізілді, оған жарты милионнан астам адам қатысты. Жалпы, 2 млрд теңгеден астам қаржыға көмек көрсетілді», - деп атап өтті ол.

«ҚХА-ның «20 қайырымды іс» акциясы аясында «Мен донормын» игі шарасы өткізіліп, 13 литрден астам қан жиналды», - деп толықтырды Н.Калашникова.

Естеріңізге сала кетейік, Тайқазан «20 қайырымды іс» акциясының басты символы.

Барлық жаңалықтар