- Басты
- Жаңалықтар
- Су тасқыны орын алған аудандарда қауіпсіз аймаққа көшірілгендер саны 15 мың адамды құрады
Су тасқыны орын алған аудандарда қауіпсіз аймаққа көшірілгендер саны 15 мың адамды құрады
17 Сәуір, 2015 13:39
Су тасқыны орын алған аудандарда қауіпсіз аймаққа көшірілгендер саны 15 мың адамды құрады, деді Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Алексей Советов аймақтардағы су тасқынына байланысты өткен баспасөз-мәслихаты барысында.
«Соңғы келіп түскен ақпараттар бойынша, аймақтарда барлығы 15 мың 100 адам көшіріліп, олардың 2 мыңы үйлеріне қайтты. 2 мың 207 адам арнайы көшірілгендерге арналған орындарға орналастырылған, 11 мың 044 адам туыстарына жіберілді. 422 адам құтқарылды»,-деді Алексей Советов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға осы уақытта жеке құрамнан 6 мың 296 адам мен 1 мың 682 техника, 199 су итергіш құралдар мен 97 жүзу құрылғылары жұмылдырылды. .
«Құтқару қызметтерінің бірлескен қимылдарының арқасында 14 мың 440 метр бөгет салынып, 3 мың 211 бөгендер қалпына келтірілді. 188 мың 892 текше метр су тартылып алынды»,-деді А.Советов.
Жедел желі қызмет әлі жалғасуда.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі