- Басты
- Жаңалықтар
- Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық батыс автожолы құрылысына 5 миллиард доллардан астам қаржы инвестицияланады
Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық батыс автожолы құрылысына 5 миллиард доллардан астам қаржы инвестицияланады
«2020 жылға дейін біз 7 мың жаңа автомобиль жолдарын қайта жөндеп, кейбірін жаңадан саламыз. Президент Қазақстанның орталығын негізгі ірі аймақтармен байланыстыру жөнінде тапсырма берді. Бүгін біз Астана-Алматы, Астана-Өскемен (Шығыс Қазақстан), Орталық-Батыс жобаларын жүзеге асырудамыз. Осы жобаларды жүзеге асыру мақсатында біз жыл соңына дейін 5 миллилиард АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестицияларды тартамыз деп отырмыз. Біз бізбен бұрыннан бірге жемісті жұмыс істеп келе жатқан Бүкіләлемдік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азиялық банк және Ислам банкі сияқты төрт банкпен келіссөздер жүргізудеміз»,-деді Ж.Қасымбек Жібек жолының экономикалық белдеуін жасау мәселесіне байланысты бастаманы талқылау аясында өтіп жатқан халықаралық конференция барысында.
«Қытайдың Жібек жолының экономикалық белдеуін жасау жөніндегі бастамасы Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен үндеседі. Осы жобаны жүзеге асыру барысында біз тек көлік саласының өзінен 3-4 жылда 200 мың жұмыс орындарын ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Осы мақсатқа 2014 жылы инфрақұрылымға мемлекет тарапынан 2,5 миллиард доллар бөлінді, ал 2015-2017 жылдар аралығында жыл сайын Ұлттық қордан 3 миллион доллардан бөлініп тұратын болады»,-деді ол.
Жалпы алғанда, 2020 жылға дейін түрлі қаржы көздері арқылы көлік саласын дамытуға 20 миллиард АҚШ долларын бөлу жоспарланып отыр.
«Қазақстан бүгінгі күннің өзінде Қытайдан Еуропаға, Азиядан Ресейге жүк тасымалдауда сенімді әріптес бола алады. Қазақстанның көлік саласы Жібек жолының экономикалық белдеуін құруда туындаған қажеттіліктерді қамтамасыз ете алады»,-деді Инвестициялар және даму вице-министрі.
Камила Амирова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар