- Басты
- Жаңалықтар
- Вице-премьер Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті
Вице-премьер Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті
«2015 жылдың 16-сәуірі күні Премьер-Министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ішкі істер және Энергетика министрлерінің орынбасарлары, Қарағанды облысының әкімі мен Су ресурстары комитетінің төрағасымен бірге Қарағанды және Ақмола облыстарының үстінен ұшып өтті. Басшылар су басып кеткен аймақтардағы жағдайды біліп, Нұра мен Шерубай өзендеріндегі судың мөлшерін көрді»,-деді А.Советов.
Оның сөзінше, Ғ.Мұстафин атындағы ауылда Б.Сағынтаев аймақтағы су тасқынына байланысты жедел мәжіліс өткізді.
«Б.Сағынтаев Қарағанды облысының әкімі мен облыстық қызметтердің басшыларына су қорларындағы судың деңгейіне мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастыруды, тұрғындарды көшіру жөнінде және дер кезінде ақпараттар беріп тұруды, жолдар мен жол құрылғыларын қалпына келтіру, елді мекендер мен сайлау учаскелерінің арасында көлік қатынасын қамтамасыз ету бағытында шаралар қолданып, су тасқынынан зардап шеккендерге шығындарын анықтау мен оларды өтеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруды тапсырды»,-деді А.Советов.
Оның Қарағанды облысының төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасай отырып айтқан сөзінше, су тасқынымен байланысты жағдай 6 ауданда тұрақтанды.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, аймақтарда ІІМ, Қорғаныс министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың көмегімен апаттан құтқару жұмыстары жалғасуда.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция