• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның облыстық соттарында ұйымдастыру құрылымын жаңғырту қажет – Бекназаров

Қазақстанның облыстық соттарында ұйымдастыру құрылымын жаңғырту қажет – Бекназаров

17 Сәуір, 2015 12:03
Қазақстанның облыстық соттарында ұйымдастыру құрылымын жаңғырту қажет, оның ішінде облыстық аппеляциялық сот пен кассациондық сот бар, деді ҚР парламент Сенатының құқықтық органдар мен сот жүйесі, конституциялық комитеттің мүшесі Бектас Бекназаров.

Оның айтуынша, тәжірибе көрсеткендей, облыстық соттың ұйымдастыру құрылымы жаңғыртуды қажет етеді, сотқа жүгінгендердің көп бөлігі  шамданып қана қоймай, жергілікті соттарға сенбеушілік танытады. Облыстық сотта әр түрлі сот жағдайларын бір адам қабылдайтыны туралы шағымдар келіп түсуд

«Құқықтық жағынан бұл проблеманы заң түрінде шешу уақыты келді. Меніңше, бұл оқиғадан шығатын жол бар. Біріншіден, 2012 жылы басталған облыстық соттарды жаңғырту мәселесін жалғастыру қажет. Менің айтпағым, облыстық сотты бір бірнен дербес екі бөлікке бөлу қажет: аппелляциялық сот пен кассациондық сот», - деді ол.

«Егер де әр облыста екі ұйымдастыру соты бір бірінен дербес жұмыс жасайтын болса, барлық істерді олар дербес бір бірінен ада шешім қабылдайтын жағдайға жетіп, бір ғана ортақ басшылыққа қараса, үстінде айтылғандай проблемалар туындамауы ықтимал. Бұл үдеріс сонымен қатар Елбасының институционалдық реформасының жүзеге асуына әкелетін қадамдардың бірі болып саналады», - деді ол.

Бекназаровтың айтуынша, бұл азаматтардың сот жүйесіне сенімдерін арттырады. Екі дербес соттың жұмыс істеуі шешім қабылдағанда дұрысын таңдауға мүмкіндік береді. Олар өз жіберген қателіктеріне ұжымдық жауапкершілікке тартылатын болады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар