• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Бекназаров: Қазақстанның сот жүйесінің негізгі өлшемдері халықаралық талаптарға сай келеді

Б.Бекназаров: Қазақстанның сот жүйесінің негізгі өлшемдері халықаралық талаптарға сай келеді

17 Сәуір, 2015 11:49
Қазақстанның сот жүйесінің негізгі өлшемдері халықаралық талаптарға сай келеді, деді Парламент Сенатының Конституциялық заңнамалар және сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Бектас Бекназаров «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл: құқықтық мемлекет институттары және заңшығармашылық процес» атты халықаралық конференция барысында.

«Қазақстандық әділ сот жүйесін жетілдіру бүгінгі таңда өзекті мәселе болып табылады. 2012 жылы Конституциялық заңда Жоғарғы соттың процессуалдық және өзге де құзырына қатысты нормалары жетілдіріліп, облыстық соттардың құрылымы мен соттың ішкі жұмыстарына және сот алқасына қатысты да бірқатар өзгерістер болды. Тәжірибе көрсеткеніндей Конституцилық заңдағы осы өзгерістердің барлығы сот органдарының қазіргі уақыттағы қызметіне өте ыңғайлы болды. Осы ретте біз Қазақстан Конституциясының негізгі өлшемдері халықаралық стандарттарға сәйкес келеді деп сеніммен айта аламыз»,-деді ол.

Сенатордың айтуынша, сот жүйесіндегі үлкен өзгерістерге қарамастан, облыстық соттардың құрылымдарын әлі де болса жетілдіру қажет. «Мәселен мынада, әлемдік деңгейдегі сот тәжірибесі де біздің өзіміздің жеке тәжірибеміз де сот жүйесінде қандай да бір қателіктердің болу мүмкіндігін мүлде жоққа шығармайды. Бүгінгі таңда жоғары аппеляциялық сот, кассациялық және қадағалау соты сияқты жоғары тұрған органдарға осы олқылықтарды жою құзыры берілген»,-деді Б.Бекназаров.    

Оның сөзінше, аталған сот биліктерінде жалпыға ортақ талаптар бар, бірақ жеке олардың өздеріне ғана тән ерекшеліктер болады, ал облыстық сот жүйесінде бұның барлығы аралас болып шықты.  

«Бүгінгі таңда облыстық  сот жүйесінде 3 сот билігі бар. Олар: аппеляциялық, кассациялық және 1-ші деңгейдегі сот құзыры. Кейде аппеляциялық сот істі 1-ші деңгейдегі сот талаптары негізінде қарап шығады. Соттың мұндай ұйымдастырылған құрылымы халықаралық стандарттарға сай емес және ол өте ыңғайсыз. Сол себепті ол сот үдерісіне қатысушылардың сенімінен шықпайды және сот жүйесінің өзінде жемқорлықпен байланысты көріністердің пайда болуына ықпал етеді»,-деді Б.Бекназаров.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар