• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысындағы цемент зауыты жылына 1 млн. тонна цемент өндіруді жоспарлап отыр

Жамбыл облысындағы цемент зауыты жылына 1 млн. тонна цемент өндіруді жоспарлап отыр

18 Сәуір, 2015 11:21
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында орналасқан Хантау цемент зауыты (ACIG) ағымдағы жылдың күзіне дейін 350 мың тонна цемент өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бүгінгі таңда цемент зауыты өзінің өнімдерін Алматы қаласына тасымалдауда. Сонымен қатар мұнда  облыс әкімдігінің қолдауымен соғылып,  қолданылуға берілген теміржол тұйығы бар.

«Инвесторлар зауыт маңында екі бірдей үлкен тұрақ соққан болатын. Біріншісі, қуаты 25 мың тоннаға дейін әктасты сақтауға соғылса, екіншісі 20 мың тоннаға жуық көмір сақтауға арналған. Келесі жылы цемент зауыты қуаттылығын  жылына 1 млн. тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Ол үшін инвесторлар жаңа жабдықтар сатып алмақшы.
Қазіргі таңда зауыт қуаты жылына 500 мың тоннаға дейін цемент өндіруде. 8,2 млрд. теңгеге соғылған зауыт қазіргі заманға сай керекті технологиялармен жабдықталған.

Зауытта  210 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған және еңбеккерлер үшін арнайы жатақхана қарастырылған. Тағы екі жатахананың құрылысы жүріп жатыр.

 

Барлық жаңалықтар