• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Конституциясы мемлекеттің бейбіт түрде дамуына барлық қажетті жағдайларды жасап отыр- Бейсенбаев

ҚР Конституциясы мемлекеттің бейбіт түрде дамуына барлық қажетті жағдайларды жасап отыр- Бейсенбаев

17 Сәуір, 2015 11:12
Қазақстан Республикасының Конституциясы көпұлтты мемлекеттің бейбіт дамуына барлық мүмкіндіктерді жасап отыр. Бұл туралы Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл: құқықтық мемлекет институттары және заңшығармашылық процес" атты халықаралық конференция барысында мәлім етті.

"Бүгін біз еліміздің Ата заңының әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі болатындығын үлкен жауапкершілікпен айта аламыз және Конституция көпұлтты мемлекеттің дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырып отыр. Парламент өкілдерінің алдында елде жүргізіліп жатқан реформаларды заңдық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған үлкен міндет тұр. Бізге Азаматтық процессуалдық кодекстің жобаларын қарап көру керек, реформалардың барлығы да елді дамытуда нақты жетістіктерге жеткізуге бағытталған. ЕАЭО келісіміне қол қойылуына байланысты ықпалдастықтың тиімділігін арттыру мәселесі өзектілене түсуде. Бірінші кезекте бұл одаққа мүше мемлекеттердің құқық жүйесінің үндесуін қамтамасыз етумен байланысты»,-деді А.Бейсенбаев.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысының басқаруымен осыған дейін қоғам өмірінің барлық салаларында еліміздің басты заңының талаптарын жүзеге асыруды көздейтін үлкен реформалар мен өзгерістер болды.

«Нәтижесінде біздің бүгін заманға сай мемлекеттік басқару жүйеміз, заңдық тұрғыда қамтылған мемлекеттік шекарамыз, ықпалдасқан экономикалық кеңістігіміз, оңды жолға қойылған, нығайтылған өндірістік байланыстарымыз бар»,-деп жалғады сөзін төрағаның орынбасары.

Осылайша, Қазақстанның барлық этникалық топтарының өкілдері кіретін Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында еліміз жаһандық деңгейдегі ұлтаралық пікірталас алаңына айналды.

«Биылғы жылы біз дәстүрлі түрде Әлемдік және дәстүрлі діндердің V съезін өткізбекпіз. Еліміздің бұдан әрі де тұрақты дамуының  шарты  ішкі тұрақтылық мен азаматтық әлем, ұлтаралық келісімді сақтау болып отыр»-деп қорытты сөзін А.Бейсенбаев. 

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар