- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 437 МСАК ұйымы ынталандыру қосымша ақысын алды
Қазақстанда 437 МСАК ұйымы ынталандыру қосымша ақысын алды
«Биылғы І тоқсанның қорытындысында 437 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымы кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін (КЖНЫК) төлеу үшін 5,2 млрд. теңге қаражат алды. Қосымша қаржылай ынталандырумен 9,8 мың дәрігер, 25,7 мың орта медициналық қызметкер, 3,3 мың акушер, 2,2 мың әлеуметтік қызметкер және 1 мың психолог қамтылды», - делінген хабарламада.
Ақырғы нәтиже индикаторларына жетудегі қызметкердің үлесін бағалауды денсаулық сақтау жүйесінің базалық көрсеткіштерін есепке ала отырып анықтайтын әрбір ұйым үрдіс индикаторларының көмегімен жүзеге асырады. Ол көрсеткіштерге ана мен бала өлім-жітімінің болмауы, туберкулез және онкологиялық патологияларды ерте кезеңде анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің (миокард инфаркты, инсульт) асқынған ауруларымен емдеуге жатқызу деңгейінің төмендеуі жатады.
МСАК ұйымдары қызметінің ақырғы нәтижесінің әрбір индикаторының мәнін және КЖНЫК сомасын есептеу www.skpn.eisz.kz порталында автоматты режімде есептеліп, ынталандыру төлемдерін қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз етеді.
Еске сала кетейік, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсатының бірі - әлеуметтік бағдарланған МСАК басымды дамытуға негізделген денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады.
КЖНЫК енгізуге алғаш рет бюджет қаражаты 2011 жылы бөлінді. Осылайша, МСАК ұйымдарының қызметкерлері үшін қызметтік міндеттерін кәсіби атқарып, көрсетілген қызметке науқастардың көңілі толған жағдайда лайықты еңбекақы алуға мүмкіндік жасалып отыр.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады