- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақтеңізкөлікфлоты» АҚ-ның мұнай тасымалдау көлемі 2014 жылы 9 миллионнан астам тоннаны құрады (Фото)
«Қазақтеңізкөлікфлоты» АҚ-ның мұнай тасымалдау көлемі 2014 жылы 9 миллионнан астам тоннаны құрады (Фото)
«Өткен жылы мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 9 млн 606 мың тоннаны немесе көрсеткіш жоспары бойынша 109 % құрады. Компания қызметі «Ақтау» теңіз портының жүктемесіне мүмкіндік бере отырып, теңіз жолы арқылы жүкті ауыстырып тиеуді арттырады. Теңіз сауда көлігі Маңғыстау облысындағы көлік саласының ең негізгісі болып барады», - делінген хабарламада.
Компанияның ақпараттары бойынша, жүк келесі бағыттар бойынша бөлінді: Ақтау-Махачкала – 2 677 мың тонна, Баку портына (Сангачал порты, Дюбенди порты) 1 919 мың тонна мұнай, Қара теңізге – 3 394 мың тонна, Жерорта теңізіне – 1 546 мың тонна. 2014 жылдың наурыз және мамыр айларында ҚТКФ жекеменшік флотымен Түркіменбашы-Баку порты бағыты бойынша 70 мың тонна мұнайды тасымалдады.
Бұдан басқа, «Нұрлы Жол» Қазақстанның экономикалық саясатының аясында, транзиттік жүк тасқынын дистрибуциялайтын және шоғырландыратын, және шетелдегі қазақстандық экспортты жылжытатын орталықтарды ашу мақсатында сыртқы терминалды инфрақұрылысты орналастырудың негізгі нүктелері анықталды.
«Бүгін Маңғыстау облысын Қазақстанның оңтүстік-батысындағы өңірлік хаб ретінде қалыптастыру үшін ірі жоабалардың қатарын жүзеге асыру басталды. 2014 жылы жүк қозғалысы басталған «Жезқазған-Бейнеу» темір жол желісі. Бұл желі Қазақстанның төрт облысы арқылы өтіп, еліміздің шығысын, орталығын және батысын ең қысқа жолмен өзара байланыстырады.
Құрық ауылындағы паромды кешенге кіреберіс жолды қамтамасыз ететін «Боржақты-Ерсай» темір жол желісі. Құрық ауылындағы паромды кешен ХТТ (халық тұтынатын тауарлар) жүгін ауыстырып тиеуге бейімделген.
Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытқа кеңейту және Ақтау қаласындағы «Ақтау теңіз порты» ЕЭА көлік-логистикалық орталықтың құрылысы.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді