ИИДМБ: ШҚО-да Индустрияландыру картасы бойынша қаржыландыру 2 есеге артты

17 Сәуір, 2015 14:39
ШҚО-да жұмыс істеп жатқан «Индустрияландыру картасы» жобасын одан әрі жүзеге асыруға 29,5 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп, деп хабарлады облыстың экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы.

Аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі  - Абай ауданы «Бөрлі» ТКК ЖШС «Мақсұт» кенішіндегі кен байыту цехының құрылысы. Жоба құны 1  млрд теңге. Цехты іске қосу кен өндіру көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

ШҚО-ның өзгеде аудандары назардан тыс қалмады. Мысалы, Ұлан ауданы Саратов ауылында «Бестер»  ЖШС уылдырық шығаратын және бекіре тұқымдас балықтарды өсіретін «OstFish» кешенін ашты. Өндірістің бюджеті 1,7 млрд теңгені құрады және ол 2015 жылдың күзінде толығымен аяқталады.

Ақпараттық орталықтың мәліметі бойынша, Курчатовта  «ҚазХимТехснаб» ЖШС кальций гидроксидін дайындау бойынша өндіріс технологиясы жаңғыртылуда. Әктің өндіріс қуаттылығын жылына 99 мың тоннаға дейін арттыру жоспарлануда, осылайша тағы 157 жұмыс орны ашылады.

«Республикамыздың Ұлттық қоры қайта өңдеу саласындағы ШОБ-қа қолдау көрсету мақсатында «Даму-Өндіріс» мембағдарламасы арқылы 100 млрд теңге бөлді. Бүгінді таңда ЕДБ-лар 1,9 млрд  теңгеге 10 жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Сонымен қатар, 985 млн теңгеге 7 жоба қаржыландырылды»,- делінген ШҚО-ның экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының хабарламасында.

Айта кетерлік жайт, Шығыс Қазақстан облысында бүгінгі таңда ШОБ-пен 240 мың адам қамтылған.

Барлық жаңалықтар