- Басты
- Жаңалықтар
- Тараз қаласының әкімі ардагерлерге 70 жылдыққа арналған медальдарды табыс етті
Тараз қаласының әкімі ардагерлерге 70 жылдыққа арналған медальдарды табыс етті
Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, ҰОС Жеңістің мерейтойына қалада тыңғылықты дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, қазір түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 9 ескерткіш қалпына келтірілді.
«Сонымен қатар жерлес, соғыс қаһарманы Ыбырайым Сүлейменовке арналып, ескерткіш салынуда. Мемориал оның есімі берілген көшеде орналасады»,-делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Таразда 122 ардагер мен 3 мың 700 тыл еңбеккері тұрып жатыр. Бес ардагерге пәтерлер беріліп, 14 соғыс ардагерінің үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Бұған қоса мемлекеттік бюджеттен ардагерлерге 250 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, 70 мың теңгеден соғыс ардагерлеріне теңестірілгендерге, 40 мың теңгеден тыл еңбеккерлеріне бөлінеді. Жеңіс мерекесіне дейін барлығы да өздеріне тиесілі кепілді төлемақыларды алады»,-делінген облыстық ішкі саясат басқармасы.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері