- Басты
- Жаңалықтар
- Санкт-Петерборда «Еске алу эстафетасы» салтанатты түрде өз мәресіне жетті
Санкт-Петерборда «Еске алу эстафетасы» салтанатты түрде өз мәресіне жетті
Акция 11 наурызда Беларусь астанасы Минскіде басталған-ды. Парламентаралық Ассамблея өкілдері Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған мемориалда болып, арнайы капсуламен мәңгілік алаудың бөлшегін алып шыққан болатын.
Таврический сарайында болған салтанатты шарада ТМД ПАА қатысушы-мемлекеттер парламенттерінің өкілдері жалын бөлшектерін бірегей Достастық алауына біріктірді. Ол Санкт-Петербордағы «Ленинградты ерлікпен қорғаушылар монументі» мемлекеттік тарихи мұражайына жолданды.
Сонымен қатар, салтанат барысында Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханада «Біз жеңдік, өйткені біз бірге болдық» көрмесінің ашылуы өтіп, жиналғандар назарына 1941-1945 жж. Отан соғысы дәуірін суреттейтін кинохроникалар, фотосуреттер, тарихи құжаттар ұсынылды. Қорғаныс құралдары, Қызыл Армия әскерлерінің жеке заттары, марапаттары мен медальдары көрсетілді.
Қазақстан мен қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі арнайы экспозицияда баяндалды.
Мәжіліс делегациясы құрамында М.Әшімбаев, М.Бегентаев, Б.Ертаев, А.Қожахметов, В.Рогалев, Р.Сәрпеков, С.Сейдуманов, А.Тортаев бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары