- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» театрында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Абайдың 170 жылдығына арналған концерт өтеді
«Астана Опера» театрында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Абайдың 170 жылдығына арналған концерт өтеді
Кештің шымылдығын Қазақ хандығының құрылу тарихы жайлы қысқаметражды фильм ашады. Онда қазақтың хандары, хандықтың жүзге бөлінетіні және қазақ халқының данышпан ұлы – Абай Құнанбайұлы жайлы мұрағаттағы бірегей материалдар қолданылған. Аталған кеште тыңдарман назарына оның «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Мен сәлем жазамын», «Татьянаның хаты» (А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» атты өлең түріндегі романы) және басқа белгілі туындылары ұсынылады. Қазақтың музыкалық мәдениетінің игілігіне айналған шығармалар көпшілік сүйіп тыңдайтын халық әндерімен алмасады. Қазақтың ұлы ақынының өлеңдері кешке поэзиялық арқау болады.
ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазиноваға Абайдың өлең-жырындағы әйел тақырыбын ашу міндеті жүктеледі. – Абай қашанда халыққа жақын болды, мұны ақынның халықтық сарынға толы өлеңдерінен байқауға болады. Оның барлық туындылары сан қырлы, мән-мағынасы терең әрі бүгінгі күні де өзекті болып келеді. Егер бұрындары Абайдың шығармаларын тек ерлер шырқаса, бұл кеште тыңдарман оның кейбір романстарын нәзік жандардың орындауында тамашалайды.
Әйелдерге Абай жоғары сүйіспеншілікпен қараған, бұған әжесі Зеренің тәрбиесін көргендігі себеп болған да шығар. Бұған дейінгі поэмалар мен жырларда басты назарда нәзік жандар тағдырының сыртқы болмысы ғана жырланса, кемеңгер ақын өзінің өлең жолдарында, аса көп қозғала бермейтін, әйелдің әдемі жан дүниесін паш етеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция